Ауа райы
Астана -9 °С
Алматы -4 °С
валюта бағамы
USD 377.19
EUR 408.99
RUB 5.93
CNY 54.02

Шағын кәсіпкерлік салығы жергілікті бюджетке түседі

2020 жылдың 20 қаңтар 2020 10:04

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Шағын және орта бизнестен түсетін корпоративтік табыс салығы жергілікті бюджеттерге қосылады. Бұл туралы ҚазАқпарат ҰЭМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Тиісті түзетулер жаңа жылдан бастап күшіне еніп, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы, мемлекеттік басқару жүйесін және бюджетаралық қатынастарды жетілдіру, кредиттеу және білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң арқылы қабылданды. Көзделіп отырғандай, жаңалық жергілікті атқарушы органдардың өңірдегі іскерлік белсенділігін арттыруға және ШОБ-ты дамытуға ынталандырады», - делінген министрлік хабарламасында.

Республикалық бюджетке КТС түсімі тек тізбе бойынша ірі кәсіпкерлік субъектілерінен ғана түседі. Кәсіпкерлердің тізбесі Ұлттық экономика және Қаржы министрліктерінің бірлескен бұйрығымен үш жылда бір рет бекітіледі. Сондай-ақ облыс мәслихаттарына облыс және аудан бюджеттерінің арасындағы ШОБ-тың КТС-ын бөлу нормативтерін белгілеу құқығы беріледі. Бұрын корпоративтік табыс салығының түсімдері толық көлемде республикалық бюджетке түсетін. Министрліктің есебі бойынша, табыс салығынан босату 1,2 млн. микро және шағын кәсіпкерлік субъектілеріне қолданылады. Бұл бизнеске үш жыл ішінде 380 млрд теңгеден астам қаражат үнемдеуге, босаған қаражатты өз қызметін дамытуға бағыттауға мүмкіндік береді. Айта кетсек, арнайы салық режімі қолданылатын микро- немесе шағын кәсіпкерлік субъектілері, оның ішінде бірыңғай жер салығын төлеушілер корпоративтік, жеке табыс салығын (төлем көзінен ұсталатыннан басқа), әлеуметтік салықты және бірыңғай жер салығын төлеуден үш жылға босатылады.


Жоғары қарай