Ауа райы
Астана 0 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 431.03
EUR 471.76
RUB 5.85
CNY 61.32

Шахмат: Гүлмира Дәулетова Сербияда ерлер турнирінде мерзімінен бұрын жеңіске жетті

2020 жылдың 21 ақпан 2020 15:23

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Гүлмира Дәулетова Сербияда IM Round robin Third Saturday 129 турнирін жеңіп, әйелдер гроссмейстерінің үшінші балын және ерлер арасындағы шебердің бірінші балын орындады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстан шахмат федерациясына сілтеме жасап.

Турнир 11 турдан тұрды, алайда 10 турдан кейін қазақстандық шахматшы 11 мықты шахматшыны артта қалдырып, мерзімінен бұрын жеңіске жетті.

Он бір турда Гүлмира 9 ұпай жинап, бірде-бір партиядан ұтылмады. Турнир 14-20 ақпан аралығында Сербияның Нови Сад қаласында өтті.

Гүлмира Дәулетов Қазақстан әйелдер құрама командасының мүшесі, Норвегиядағы Бүкіләлемдік шахмат олимпиадасының қола жүлдегері (2014), қыздар арасындағы Азия чемпионы, Азия ұлттары кубогының күміс жүлдегері, Макаода жабық ғимаратта өткен Азия ойындарының қола жүлдегері, түркі тілдес елдер студенттері арасындағы Универсиаданың чемпионы, әйелдер арасындағы Қазақстанның үш дүркін чемпионы, Мәскеудегі «Аэрофлот-Опен С» ерлер халықаралық турнирінің жеңімпазы, әйелдер арасындағы Чехиядағы «Czech Open A», Испаниядағы «V Open International St Casablanca» халықаралық турнирлерінің жүлдегері.


Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай