Ауа райы
Астана -21 °С
Алматы -9 °С
валюта бағамы
USD 386.44
EUR 428.37
RUB 6.06
CNY 54.93

Шалғай ауылда өрт сөндіру бекеті құрылды - Жамбыл облысы

2019 жылдың 16 қазан 2019 08:28

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысындағы Мерке ауданына қарасты ауылда өрт сөндіру бекеті құрылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Андас Батыр ауылынан ашылған өрт сөндіру бекеті алты штаттық қызметкермен жасақталған. Оның ішінде 3 жүргізуші және 3 өрт сөндіруші бар.

Өрт сөндіру бекеті Андас Батыр ауылдық округі әкімдігі аппаратының ғимаратында орналасқан, онда демалу бөлмесі, телефон байланысымен қамтамасыз етілген диспетчерлік бөлме және өрт сөндіру автомобиліне арналған жылы бокс бар.




Айта кетейік, бекет қызметкерлері өртті сөндіріп қана қоймай, олардың жауапкершілік аймағында болып жатқан басқа да төтенше жағдайларды жоюға қатысады. Қиын жағдайға тап болған халыққа көмек көрсетеді, сондай-ақ алдын алу жұмыстарымен айналысады. Өрт сөндіру бекетінің жауапкершілік аймағында 8 мыңнан астам тұрғыны бар 7 елді мекен орналасқан.




Жоғары қарай