Ауа райы
Астана -1 °С
Алматы 6 °С
валюта бағамы
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
CNY 55.04

Шамалғандағы апат: Полиция куәгерлердің хабарласуын сұрайды

2019 жылдың 17 қыркүйек 2019 19:37

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Полиция Шамалған стансасының өткелінде болған жол апатының куәгерлерін іздестіріп жатыр. Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«15 қыркүйек күні «Алматы 1 – Қостанай» бағытындағы пойыздың Алматы облысындағы Шамалған стансасының өткелінде жолаушылар автобусымен соқтығысқанын көргендер, куәгерлер және автобус жолаушыларын хабарласуын өтінеміз. Олардан мына телефондар арқылы Көліктегі полиция департаментіне хабарласуын сұраймыз: 8-727-296-35-93, 8-701-555-78-02, 8-775-643-00-04» делінген ақпаратта.

Естеріңізге сала кетейік, 15 қыркүйек күні Шамалған стансасында пойыз бен автобус соқтығысты. Жолаушылар автобусы пойыз рельсіне шығып, кептеліс салдарынан қозғала алмай қалған еді.

Оқиға орнында автобус жүргізушісі мерт болып, тағы 3 адам Қарасай аудандық ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылды. Оның екеуі - бала.

Қазір аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабының 3-бөлігі бойынша іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр. Істі Бас көліктік прокуратура бақылауына алды.

Жоғары қарай