Ауа райы
Нұр-Сұлтан 10 °С
Алматы 17 °С
валюта бағамы
USD 384.05
EUR 432.79
RUB 5.96
CNY 55.46

Шаңғы федерациясы Алексей Полторанинге қандай жаза тағайындалатынын жария етті

2019 жылдың 1 наурыз 2019 22:28 1093

АСТАНА. ҚазАқпарат - Зеефильдте өтіп жатқан Әлем чемпионатында допинг дауына ілккен шаңғышылар уақытша жарыстан шеттетілді, деп хабарлайды Sports.kz.

Эстониялық спортшылар Карел Таммъярв мен Андреас Веерпалу, сондай-ақ Қазақстан өкілі Алексей Полторанин Халықаралық шаңғы спорты түрлері федерациясынан шеттетілді. Ал  Доминик Балдауф пен Макс Хаукені спорттан Австрияның Ұлттық допингке қарсы агенттігі шеттеті.  

5 спортшының барлығы 2019 жылғы Әлем чемпионатында қанға жіберілетін допинг қабылдағандарын мойындады.

«Шаңғы федерациясы допингтің кез келген түріне қарсы. Таза спортшылар мен біздің спортымыздың ережелерін  ашықтан ашық елемейтін кез келген спортшы және  азамат жазаланады. Допингке қарсы ережелерді бұзған  спортшылар заң бойынша да спорттық жетістіктері бойынша да қиындықтарға тап болады. Біздің бүгінгі шешіміміз өзге спортшыларға осыны айқын түсіндіреді деген ойдамын»,-деді Шаңғы федерациясының президенті Джанфранко Каспер.  

 

Перевод: Айдар Оспаналиев
Басты сөздер: Спорт, Қоғам,
Жоғары қарай