Ауа райы
Нұр-Сұлтан 27 °С
Алматы 30 °С
валюта бағамы
USD 378.38
EUR 431.05
RUB 6.02
CNY 55.00

Шардарада тоққа қосылған қармақпен балық аулағандар ұсталды

2019 жылдың 4 наурыз 2019 19:45 1393

АСТАНА. ҚазАқпарат - Шардара су қоймасында заңсыз балық аулаған браконьерлер қолға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет фейсбук парақшасында жазғандай, оқиға 2019 жылдың 28 ақпанында тіркелген. «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК-ның Қызылорда өңірлік филиал инспекторлары мен Шардара орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі бөлімінің мамандары бірлескен рейдтік шара барысында Шардара су қоймасында тыйым салынған балық аулау құралдарымен заңсыз балық аулаған Мақтаарал ауданының екі азаматын құрықтаған.

«Заң бұзушылар үрлемелі резеңке қайыққа мініп, су қоймада электр тоғына қосылған қармақпен 60 келі сазан балығын заңсыз аулаған. Оқиға орнынан 60 келі сазан балығы, үрлемелі резеңке қайық ескегімен, жел бергіш, прожектор, аккумулятор мен электр тоқ көбейткіші табылды. Ұсталған азаматтар Шардара аудандық полиция бөліміне жеткізіліп, Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 335-бабының 3-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды», - деп жазады Сәкен Ділдахмет.

 

Жоғары қарай