Ауа райы
Астана -19 °С
Алматы -5 °С
валюта бағамы
USD 383.95
EUR 429.26
RUB 6.16
CNY 55.02

Шардарада жергілікті билік пен белсенді жастар кездесті

2019 жылдың 16 қараша 2019 19:49

ШАРДАРА. ҚазАқпарат – Түркістан облысы Шардара ауданында жергілікті билік пен белсенді жастар кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жастар - қоғамның қозғаушы күші және белсенді тобы» тақырыбындағы кездесуге ардагерлер мен аналар кеңесі, қорғаныс істері мен білім, полиция, спорт, мәдениет және тілдерді дамыту, кәсіпкерлік бөлімдері және жұмыспен қамту орталығының өкілдері, №16 колледжінің студенттері, қала, ауыл білім мекемелеріндегі жастар ұйымының жетекшілері мен өзін-өзі басқару ұйымдарының мүшелері қатысты.




«Жастар жылына» орай және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұсрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында ұйымдастырылған басқосу бейресми, еркін форматтағы пікіралмасу алаңы ретінде өтті. Ашық әңгіменің алаңына айналған кездесуде жастар өз көкейінде жүрген түрлі сұрақтарын қойып, дамудың негізгі бағыттарына серпін беретін ұсыныстарын жеткізді.

Жиында сөз алған аудан әкімінің міндетін атқарушы Б.Шомпиев Елбасымыз Ұлттың кемел келешегіне, бүгінгі жас ұрпаққа артылар ең үлкен міндет – сананың түзу жолмен қалыптасуымен білімділік, жан-жақтылық жасампаз елдің жастарына тән екенін атап өтті. Сондай-ақ, жастар арасындағы тәртіпке көңіл бөлу керектігін де тілге тиек етті.

Кездесуде жастар саясатының дамыту жолында еркін тақырыпта пікір алмасып, түрлі ұсыныстар мен тұшымды ойлар айтылды.




Жоғары қарай