Ауа райы
Нұр-Сұлтан 10 °С
Алматы 19 °С
валюта бағамы
USD 384.05
EUR 432.79
RUB 5.96
CNY 55.46

Шардаралық түлектер алты балалы анаға пәтер сыйлады

2019 жылдың 25 мамыр 2019 21:11 1920

ШАРДАРА. ҚазАқпарат - Түркістан облысындағы Шардара қаласында түлектер көпбалалы отбасыға үш бөлмелі пәтер сыйлады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Шардара» мектеп-лицейін 2008-2009 жылы бітірген түлектер «Қарекет» қайырымдылық қорымен бірлесе отырып, 6 баласы бар жалғызбасты ана Эльмира Жаңбыроваға осындай тосынсый жасады.



nullБұған дейін бұл отбасы пәтер жалдап келген. Олар өздеріне жасалған мұндай тартуға риза болып, шын жүректен алғыстарын білдірді. Оразада жасалған сауапты іске ұстаздар қауымы да дән риза болып, баспаналы болған отбасының жаңа қонысқа шашуларын шашты.

Айта кетейік, Шардара ауданы бойынша биылғы жылы көпбалалы отбасыларын қолдауға айрықша көңіл бөлініп отыр. Аудан әкімдігі тарапынан бұған дейін Қ.Тұрысбеков ауылынан бой көтерген 10 пәтерлі тұрғын үйдің біреуі үшемдерді өмірге әкелген Гүлжанат Пернебаеваға берілсе, жуырда ғана Қоссейіт ауылының 20 жылдық түлектері өздерінің сыныптас достары, 9 баланы өмірге әкелген Анастасия Волокитинаға жер учаскесін рәсімдеп, 3 бөлмелі жаңа үй салып берген болатын. 



null

 

Жоғары қарай