Ауа райы
Астана 1 °С
Алматы 7 °С
валюта бағамы
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
CNY 55.04

Шарын өзенінен қаңқаға айналған адамның мүрдесі табылды

2019 жылдың 9 мамыр 2019 17:53

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының полицейлері аса ауыр қылмыстың бетін ашты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 4 сәуір күні Ұйғыр ауданының жергілікті тұрғыны Шарын өзенінен жартылай қаңқаға айналған адамның мүрдесін тапқан. Тағайындалған сараптама ер азаматтың бірнеше пышақ жарақатынан қаза тапқанын көрсетті. Осыған сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілді.

«Тергеуге аудандық тәртіп сақшыларымен қатар облыстың полицейлері де қатысты. Бір айдың ішінде жәбірленуші Алматы қаласының 48 жастағы тұрғыны екені анықталды. Ары қарай тергеу барысында күдікке марқұмның жақын туысы ілінді. Туысын өлтірді деген күдікті кеше ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды», - деп мәлім етті аталған ведомство өкілдері.

Анықталғандай, адам өлтіру қылмысы 2018 жылдың 15 желтоқсанында Алматы қаласында болған. Қылмысты жасыру үшін мүрде көлікпен 150 шақырым жердегі Ұйғыр ауданына жеткізіліп, Шарын өзеніне батырылған.

«Қазір соталды тергеу жалғасуда. Іс Алматы қаласының полицейлеріне берілуі мүмкін. Себебі оқиға Алматы қаласында болған», - деп толықтырды облыстық департаменттен.

Жоғары қарай