Ауа райы
Нұр-Сұлтан 10 °С
Алматы 17 °С
валюта бағамы
USD 384.05
EUR 432.79
RUB 5.96
CNY 55.46

Шавкат Мирзиёев тікұшақ апатына байланысты ҚР Президентіне көңіл айтты

2019 жылдың 29 наурыз 2019 18:30 587

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев Қызылорда облысындағы тікұшақ апатына байланысты ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА ӨР президентінің сайтына сілтеме жасап.

«Қызылорда облысындағы Қазақстан Республикасы Қарулы күштері әскери тікұшағының апатынан  адамдардың мерт болуы жағдайын зор күйзеліспен  қабылдадым. Орны толмас қайғыға ортақтасамын және қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтқанымды жеткізуіңізді сұраймын», - делінген жеделхатта.

Еске салайық, 27 наурыз күні кешке Қызылорда облысының Жалағаш ауданында МИ-8 тікұшағы апатқа ұшырады.Қорғаныс министрлігінің ақпаратына сәйкес, аталған тікұшақ Ақтау қаласынан Шымкентке бет алған 4 әскери тікұшақ құрамында болған. Барлық экипаж мүшесі -  13 адам қаза тапты.  

Қорғаныс министрлігі қаза тапқан әскери қызметшілердің есімдері мен фотосуреттерін жариялады. 

 

 

Жоғары қарай