Ауа райы
Астана -3 °С
Алматы -3 °С
валюта бағамы
USD 384.97
EUR 427.12
RUB 6.04
CNY 54.75

Шавкат Мирзиёевтің жарлығымен 21 қазан Өзбек тілі мерекесі күні болып жарияланды

2019 жылдың 23 қазан 2019 16:26

ТАШКЕНТ-ӨзАА. ҚазАқпарат – Өзбекстанның Президенті Шавкат Мирзияевтің жарлығымен 21 қазан «Өзбек тілі мерекесі» деп жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ӨзАА-ға сілтеме жасап.

Жаңадан ашылған «Ташкент Сити» кешеніндегі «Конгресс Холлда» өзбек тілінің мемлкекеттік тіл ретінде қолданылғанына отыз жыл толуына орай өткен салтанатты мерейтойда Мемлекет басшысы Шавкат Мирзиёев 21 қазан күнін «Өзбек тілі мерекесі күні» деп жариялады.

Өзбекстан Президенті тілге байланысты өткен салтанатты іс-шарада, елде мемлекеттік тілді дамытуға бағытталған күш-жігердің қисынды жалғасы ретінде тағы бір маңызды қадам басталғанын жеткізді.

«Мен бүгін «Өзбек тілінің мемлекеттік тіл ретінде беделі мен мәртебесін түбегейлі арттыру туралы» Жарлыққа қол қойдым. Онда айтылғандай «Мемлекеттік тіл жөніндегі» заң қабылданған күнінің тарихи орны мен маңызына сәйкес, 21 қазан күнін елімізде «Өзбек тілі мерекесі күні» деп жарияланды», -деді өз сөзінде Шавкат Мирзиёев.

Басты сөздер: Тіл, Өзбекстан,
Жоғары қарай