Ауа райы
Астана -16 °С
Алматы -15 °С
валюта бағамы
USD 378.60
EUR 417.75
RUB 6.13
CNY 54.58

Шекарада баланың жөргегіне алтын салып өтпек болған әйел ұсталды

2019 жылдың 7 желтоқсан 2019 04:32

ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат – Әжей немересінің жөргегіне алтын бұйымдар салып алып Қазақстанға апармақ болған, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі.

Өзбекстан Республикасының Кеден комитеті қымбат металдар мен тастардан жасалған зергерлік бұйымдарды Өзбекстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы заңсыз өткізу фактілері дер кезінде тоқтатылғанын айтады.

Сонымен, 6 желтоқсанда Ташкент облысындағы «Гишткуприк» шекара кеден бекетінде (Түркістан облысының Жібек Жолы шекара жолы) осындай құқық бұзушылық фактісі анықталды. Атап айтқанда, әйел алтын бұйымдарды, оның ішінде 6 алқа, 4 білезік және 1 сақинаны заңсыз алып өтпек болған, оларды алдын-ала екі жасар немересінің жөргектерінің ішіне жасырған.

Ауызша сұрау кезінде жарияланбаған және анықталмаған зергерлік бұйымдардың жалпы салмағы 1 келі 115 грамм екені белгілі болды. Бағалы металдардың бағасы 334 миллион 500 мың сомға (шамамен 13,5 миллион теңге) бағаланып отыр.

Қазіргі таңда аталған заң бұзушылық фактісі бойынша кедендік тексеру жүргізілуде.

Авторы Мирас Қуандықов

Басты сөздер: Өзбекстан,
Жоғары қарай