Ауа райы
Астана 3 °С
Алматы 4 °С
валюта бағамы
USD 437.20
EUR 475.32
RUB 5.79
CNY 61.94

Шетелдік нөмірі бар автомобильдермен 1800 көлік оқиғасы тіркелді - ІІМ

2020 жылдың 15 қаңтар 2020 18:09

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2019 жылы бейнебақылау камераларының көмегімен шетелдік нөмірмен жүретін көліктердің қатысуымен 90 мыңға тарта бұзушылық тіркелген. Бұл туралы ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің басқарма бастығы Юрий Козлов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Шетелден көлік алып келген Қазақстан азаматы заңға сәйкес, тиісті міндеттерді орындап, бажды төлеп, көлікті 10 жұмыс күні ішінде Қазақстанда тіркеуі керек. Ішкі істер министрлігі кейінгі кезде шетелдік нөмірлі көліктердің қатысуымен жол апаттарының көбейіп кетуіне алаңдаулы. Шетелдік нөмірмен жүретін көліктердің қатысуымен кісі өліміне алып келетін жол-көлік оқиғалары да тіркелуде. Өткен жылы ғана аталған санаттағы көлік жүргізушілерімен 1800-ден аса жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 100-ден аса адам көз жұмып, 500-ге тарта адам жарақат алды. Бұл санаттағы көліктер біздің жұмысқа айтарлықтай қиындық туғызып отыр», - деді Юрий Козлов ІІМ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуына қарағанда, 2019 жылы бейнебақылау камераларының көмегімен шетелдік нөмірмен жүретін көлік жүргізушілерінің 90 мыңға тарта бұзушылық жасағаны анықталды.

«Алайда 27 мың жүргізушіге қатысты ғана шара қабылданды. Яғни, олардың үштен бірі ғана жауапкершілікке тартылған. Осыған байланысты ІІМ аталған санаттағы көліктері бар азаматтарды автокөлікті тіркеуге, заңнамалық тұрғыда реттеуге шақырады», - деді Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің басқарма бастығы.

Еске сала кетсек, кеше ІІМ қазақстандықтарды шетелдік есепте тұрған көліктерді тіркеуге шақырған болатын.


Автор Аян Бекенұлы
Басты сөздер: ҚР ІІМ, Көлік,
Жоғары қарай