Ауа райы
Астана -7 °С
Алматы -3 °С
валюта бағамы
USD 388.81
EUR 429.01
RUB 6.08
CNY 55.49

Шетелдік студент жоғалтқан төлқұжатын полиция тауып берді - Түркістан

2019 жылдың 27 наурыз 2019 16:39

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістандық полицейлер шетел азаматының төлқұжатын тауып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, шетелдік студент құжатын жоғалтып алғаны жөнінде полицияға арызданған. 22 жастағы Енес Хенки төлқұжаты табылмаған жағдайда, елшілік арқылы құжат жасатпақ болған. Алайда оның дайын болғанын бірнеше ай күту керек екенін айтыпты. Осы аралықта жергілікті полицейлер құжатты тауып, заңды иесіне қайтарған.

Түркиялық азамат Түркістан қалалық ПБ-ның Көші-қон қызметі полицейлеріне алғысын білдірді.

Автор Айнұр Ақбаева
Басты сөздер: Оқиға, Түркістан облысы,
Жоғары қарай