Ауа райы
Астана 12 °С
Алматы 13 °С
валюта бағамы
USD 385.42
EUR 424.58
RUB 6.00
CNY 54.31

Шиеліде өнерді ұлықтаған мәдени шара өтті

2019 жылдың 22 тамыз 2019 07:23

ШИЕЛІ. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы Шиелі ауданында «Этноауыл-2019» мәдени ұлттық шарасының аясында «Өткенін ұлықтаған, дәстүрін ұмытпаған - Шиелі» тақырыбында мәдени шара өткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталмыш игі шара Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жүзеге асты. Онда ұлттық өнерді дәріптеген көптеген мәдени шаралар ұйымдастырылды.

Аудан орталығы - Шиелі кентіндегі Ы.Жақаев атындағы саябақта өткен мәдени шарада киіз үй тігілді. Сол аумақта ұлттық ойындар ойналды. Жиналған ұртшылыққа қазақтың ұлттық тағам түрлері жастарға үйрету барысында дайындалды. Ұлттық тағамдар дастарханға қойылып, олардан барша жұрт дәм татты.

Аудан жастары алтыбақан ойнап, әуелетіп ән салды. Жергілікті бишілер мың бұрала би билеп, күйшілер күмбірлете күй төкті. Аудан тұрғындары қазақтың салт-дәстүрін дәріптейтін қызықты қойылымның куәсі болды. Ұлттық өнеріміз ұлықталып, қазақ халқының бейнесін аша түсетін қолөнер бұйымдары мен рухани байытатын кітаптар көрмеге қойылды.

Бұдан бұрын Қызылордада «Ұлы дала елі» тарихи-танымдық экспедициясы өткізілді


Жоғары қарай