Ауа райы
Астана 15 °С
Алматы 27 °С
валюта бағамы
USD 413.12
EUR 452.86
RUB 5.82
CNY 57.92

ШҚО-да 600-ден астам әскери қызметкер патрульде жүр

2020 жылдың 7 сәуір 2020 12:02

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында әскерилер төтенше жағдай кезінде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өскемен, Семей және Үшарал гарнизондарының әскери полиция жасақтарының мүшелері, «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының әскерилері және Ұлттық ұлан сарбаздары бірлесіп өңірдегі қоғамдық орындарды патрульдеп жүр.

«Қазірде «Шығыс» ӨҚ-дан жалпы саны 650 әскери қызметкер және 55 әскери полиция өкілдері жұмысқа тартылған. Бірлескен патрульдеуге әскерилерді іріктеу барысында моральдық-психологиялық жағдайға, қызмет ету кезіндегі іс-қимыл тәртібін білуіне баса мән берілді» делінген «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы баспасөз қызметінің мәліметінде.





Естеріңізге сала кетсек, Өскемен мен Семей қалаларында 2 сәуірден бастап қосымша шектеу енгізілген. Бүгінде тұрғындар үйден тек рұқсат қағазы арқылы шыға алады.

Қоғамдық тәртіпті сақтау шаралары күшейтіліп, Өскемен - 200, Семей - 202 шаршы аумаққа бөлінген.








Жоғары қарай