Ауа райы
Астана 6 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
CNY 55.04

ШҚО-да қар құрсауында қалған көліктерден 150 адам құтқарылды

2019 жылдың 20 қаңтар 2019 22:01

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысында «Өскемен-Алматы» жолының бойында қар құрсауында қалған 90 көліктен 150 адам құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Шығыс Қазақстан облысында кешкі сағат 20:00-де қарда тұріп қалған көліктер кептелісінен 150 адам эвакуацияланды. Аталмыш учаскеге жақын Таскескен ауылының тұрғындары жеке көліктерімен азаматтарды қауіпті тұстан алып кетіп жатыр», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, облыс әкімдігінде штаб құрылды.

«Өскемен қаласынан аталмыш учаскеге жол таңдамайтын 7 көлікпен ШӨАЖҚО құтқарушылары аттанды. Сонымен қатар, қар құрсауында қалған көліктерін тастап кетуден бас тартқан азаматтар азық-түлікпен қамтамасыз етіледі», - делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, қатты боран кезінде «Алматы-Өскемен» тасжолында 90 көлік қар құрсауында қалғанын, осы көліктерден 25 адам оның ішінде 4 бала құтқарылғанын хабарлаған болатынбыз.

Жоғары қарай