Ауа райы
Астана -8 °С
Алматы 5 °С
валюта бағамы
USD 385.76
EUR 427.89
RUB 6.04
CNY 54.79

ШҚО-да қарда тұрып қалған көліктерден 25 адам құтқарылды

2019 жылдың 20 қаңтар 2019 19:24

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Қатты боран салдарынан «Алматы-Өскемен» тасжолында 90 көлік қарда кептеліп тұрып қалды. Осы көліктерден 25 адам оның ішінде 4 бала құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметінен сілтеме жасап.

«Кешке сағат 17:00-де құтқарушылар эвакуацияланған 25 адамды (төртеуі бала) жылыту бекетіне жеткізді. Сонымен қатар құтқарушылар 25 көлікті Аягөзге дейін ілестіріп әкеліп тастады», - делінген хабарламада.

Жергілікті атқарушы органдар көліктер кептелісі болған жерге жанармай мен ыстық тағам жеткізді. Оқиға болған жерге жақын 10 шақырым қашықтықта Таскескен ауылындағы Үржар колледжінің жатақханасында жылыту бекеті ұйымдастырылды.

ШҚО ТЖД-ның Дағдарыс орталығында қызметті үйлестіру үшін жедел штаб құрылды. Сондай-ақ 55-38-19 қауырт желісі ашылды.

Бұған дейін хабарланғандай, 20 қаңтарда сағат 03:50-де «Алматы-Өскемен» республикалық жолының 681 шақырымында Үржар ауданының аумағында қатты боран салдарынан қарға тұрып қалған көліктер кептелісі пайда болды. Онда 7 автобус, 45 жүк көлік, 30 жеңіл көлік және 8 шағын жүк көлігі тұр. Көліктерде шамамен 420 адам бар.




«Жағдайды барлап келу үшін ТЖД-ның жол талғамайтын екі «КУНГ» көлігіне мінген 5 қызметкер және ТЖК Шығыс өңірлік аэромобильдік жедел-құтқару жасағы 4 көлігі мен 8 қызметкері жөнелтілді. Алайда кептелістегілер көліктерін тастап кетуден бас тартты», - деп атап өтті ТЖК-дағылар.

Аталған жолда көлік қозғалысы сағат 12:00-ден бері жабық тұр.

Жоғары қарай