Ауа райы
Астана 4 °С
Алматы 2 °С
валюта бағамы
USD 435.54
EUR 473.08
RUB 5.76
CNY 61.64

ШҚО-да көліктің артындағы резеңке баллонға мінгескен екі жігіт мерт болды

2020 жылдың 3 қаңтар 2020 12:48

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстанның Бесқарағай ауданында жол апаты болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Стеклянка ауылынан 7 шақырым жердегі «Семей - Дөлен» тасжолында 19 жастағы «Nissan Terrano» жүргізушісі көлігінің артына резеңке баллонды іліп, оған 2001 және 2002 жылы туған екі танысын отырғызып, заңсыз қозғалысын жалғастырған.

Жолай жас азаматтар қарсы жолға түсіп «Nissan X-trail» маркалы көлікпен қақтығысқан. Салдарынан баллонда отырған екі жігітті көлік соғып, олар әртүрлі дене жарақатымен оқиға орнында мерт болды.

19 жастағы көлік жүргізушісін Бесқарай аудандық полиция қызметкерлері уақытша ұстау изоляторына қамады.

Сараптама жасалып жатыр. Жол ережесін бұзып, абайсыздық таныту салдарынан екі адамның қайтыс болуына қатысты ҚР ҚК 345-бап, 4-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.


Иллюстрациялық фото: pbs.twimg.com

Жоғары қарай