Ауа райы
Астана 14 °С
Алматы 26 °С
валюта бағамы
USD 413.12
EUR 452.86
RUB 5.82
CNY 57.92

ШҚО-да коронавирус жұқтырған алтыншы науқас 13 жаста

2020 жылдың 6 сәуір 2020 17:31

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласында 2007 жылы туған бала коронавирус жұқтырған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ілияс Мұхамеджанның айтуынша, соңғы үш күнде өңір бойынша 3 адам коронавирус жұқтырған. Оның ішінде екі жасөспірім бар.

«Бүгін Семейде 2007 жылы туған тағы бір оқушыда коронавирус расталды. Ол бұған дейін осы диагнозбен стационарға түскен 2006 жылғы науқастың інісі. Онымен жақын байланыста болғандықтан 5 сәуірде COVID-19-ға тексерілген. Нәтижесі оң. Екеуі де инфекциялық стационарға жатқызылды. Жағдайлары орташа», - дейді ол.

Осы ретте, облыс әкімдігі тұрғындардың үйде болуларын, қажетсіз сыртқа шықпауларын сұрайды.

Естеріңізге сала кетсек, кеше Семей қаласында 14 жасар баланың коронавирус жұқтырғаны хабарланған.


Жоғары қарай