Ауа райы
Астана 0 °С
Алматы 5 °С
валюта бағамы
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
CNY 55.04

ШҚО-да қылмыс азайып келеді - генерал-майор Жанарбек Бақтыбаев

2019 жылдың 14 қыркүйек 2019 14:16

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында қылмыс едәуір азайып келеді.

Бұл туралы Алтай және Қатонқарағай аудандарының тұрғындарымен кездесуде облыстың полиция департаментінің бастығы генерал-майор Жанарбек Бақтыбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жанарбек Бақтыбаевтың айтуынша, өңір қылмыстар саны бойынша Алматы, Нұр-Сұлтан қалалары және Алматы облысынан кейінгі төртінші орында тұрады.

«Соңғы үш жылда облыста қылмыс азайып келеді. Биылғы 8 айда 13 мың қылмыс тіркелді, бұл 2018 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 21% аз», - деді Ж. Бақтыбаев.

Оның айтуынша, 2018 жылы қылмыстардың ашылу деңгейі 58%, ал ауыр және ерекше ауыр қылмыстардың 83% ашылған. Бұл жағынан алғанда да биылғы көрсеткіштер былтырғыдан тәуірірек.

«Жалпы, Шығыс Қазақстан облысында қылмыстардың барлық түрі қысқарып келеді. Атап айтқанда, адам өлтіру 12%, зорлау 10%, тонау 15%, бұзақылық 54%, бөтеннің мүлкін ұрлау 24%, пәтер тонау 65%, мал ұрлау 25% азайды», - деді департамент басшысы.

Бұдан тыс, қоғамдық орындар мен көшелердегі қылмыс 25 пайызға, рецидив және кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс 12 пайызға, мас күйдегі қылмыстар 9 пайызға азайған.


Жоғары қарай