Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы 8 °С
валюта бағамы
USD 376.43
EUR 407.11
RUB 5.76
CNY 53.55

ШҚО-да орман шаруашылығы инспекциясының қызметкерлері арасында парақорлық фактісі анықталды

2020 жылдың 22 қаңтар 2020 17:48

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының Бұқтырма бөлімінің басшысы мен бірқатар қызметкерлері парақорлық күдігіне ілікті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Браконьерлікпен күресті күшейту аясында ШҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі ҚР Экология министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Шығыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясы Бұқтырма бөліміндегі жүйелі сыбайлас жемқорлық фактілерін анықтады.

«Жалпы қамқорлық және тыйым салынған әдістермен, сондай-ақ уылдырық шашу кезінде Бұқтырма су қоймасының резервтік учаскелерінде балық ресурстарын заңсыз аулауға тыйым салу шараларын қабылдамай, браконьерлерден жүйелі түрде 50-ден 200 мың теңгеге дейінгі көлемде пара алғаны үшін күдікке ілінді. Осы орайда аталған бөлімнің басшысы мен бірқатар қызметкерлерге қатысты сотқа дейнгі тергеу басталды», - деп аталып өткен таратылған хабарламада.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Күдіктілердің кінәсінің деңгейі туралы түпкілікті шешімді сот шығарады.



Жоғары қарай