Ауа райы
Астана 4 °С
Алматы 2 °С
валюта бағамы
USD 435.54
EUR 473.08
RUB 5.76
CNY 61.64

ШҚО-да шекарашы Қызыл кітапқа енген бүркітті құтқарды

2020 жылдың 8 қаңтар 2020 16:37

КАТОНҚАРАҒАЙ. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Катонқарай ауданында шекарашы Қызыл кітапқа енген бүркітті құтқарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахметке сілтеме жасап.

«Өрел» шекара комендатурасының ефрейторы Родион Абрамов Берел ауылына жақын жердегі мемлекеттік шекараны күзету кезінде жолдың бойында жараланған құсты көрген. Ол жаралы құсты ұстап, оны Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне тапсырған. Aquila heliaca тұқымдас жас бүркіттің Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілгені де белгілі болды», - деп жазды Сәкен Ділдахмет Facebook-тегі парақшасында.




Родион Абрамов табиғат деген қамқорлығы мен Катонқарайдың биоәртүрлігігін сақтауға қосқан үлесі үшін ұлттық парктің алғыс хатымен марапатталды.

Фото: facebook Сакен Дилдахмет
Жоғары қарай