Ауа райы
Нұр-Сұлтан 16 °С
Алматы 25 °С
валюта бағамы
USD 384.05
EUR 432.79
RUB 5.96
CNY 55.46

ШҚО-да жастар «Ізгі ниет» қайырымдылық эстафетасын бастады

2019 жылдың 1 наурыз 2019 19:09 1551

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстанның Жарма ауданында жастар «Ізгі ниет» атты қайырымдылық эстафетасын бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Көпбалалы отбасыларды ел-жұрт болып қолдау үздіксіз жүруі тиіс. Эстафетаның негізгі ұраны осындай. Бастамашылар - аудандық жастар ресурстық орталығы.

«Жақсылық жаса» акциясының заңды жалғасы ретінде осы эстафетаны бастадық. Аналарды қолдау шаралары бір акциямен шектелмей, үздіксіз жүрсе деген ниеттен туындағай ой. Әуелі көпбалалы аналардың аудан бойынша тізімін жасадық. Осылайша ешкімнен көмек сұрамай, тасада қалған отбасыларды да қамтымақпыз. Біз жастар Жаңаөзен ауылында тұратын жеті баланың анасы Айгерім Мантыбаеваға азық-түлік пен тұрмысқа қажет өзге де заттар апарып бердік. Бұл ісіміз үйдегі балаларға қатты әсер етті. Біздің ізгі ниетімізден олар да үлгі алады деп ойлаймыз», - дейді жастар ресрустық орталығының өкілі Еркежан Қабасова.

Эстафета альбомын жастар аудандық әкімдіктің қызметкерлеріне жолдапты. Олар да жастар сияқты альбомдағы тізім бойынша бірнеше көпбалалы отбасыға тарту жасаған.

«Жастардың бұл бастамасын бәріміз қуана қабыл алдық. Бізден кейін тізгінді аудандық мәслихат депутаттары алып, бірнеше тұрғынға  көмек қолын созды. Эстефета наурыздың соңына дейін жалғасады. Яғни бір ай бойы аудандағы барлық көпбалалы отбасыларды қамтимыз» - дейді аудан әкімінің орынбасары Айдар Ибраев.  



null 

null  

 

Жоғары қарай