Ауа райы
Астана 2 °С
Алматы 7 °С
валюта бағамы
USD 389.94
EUR 433.50
RUB 6.10
CNY 55.13

ШҚО-лық биші Әлем кубогы мен Құрлықтар кубогын иеленді

2019 жылдың 8 қыркүйек 2019 14:52

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Санкт-Петербургте төртінші қыркүйектен бастап «Арбадағы би бойынша 2019 Әлем кубогы – Құрлықтар кубогынан» жарыс өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жарыстың алғашқы күні Құрлықтар кубогы бағдарламасы бойынша өтті. Үржардағы Арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында өмірге келгелі бері тәрбиеленіп келе жатқан Алексей Журавлев «Еркін құс» бағдарламасын орындап, екінші орын алды. Ол күміс жүлдемен марапатталып, Кубокты иеленді.





Әлем кубогы бағдарламасы бойынша, Алексей Журавлев Латын Америкасы бағдарламасы бойынша 3 би орындаған. Ол бірінші орын иеленіп, Алтын жүлде мен Әлем кубогын алды. Енді ол Германиядағы әлем чемпионатына қатыса алады.

Алексей арбадағы би бойынша Құрлықтар кубогында қатарынан үш жыл бірінші орын алып отыр. Қазақстанның жасөспірімдер командасы абыроймен өнер көрсетіп, спорттың осы түрінің республикада айтарлықтай дамып жатқанын көрсетті. Жарысқа әлемнің 20 елінің спортшылары қатысты.








Жоғары қарай