Ауа райы
Нұр-Сұлтан 10 °С
Алматы 19 °С
валюта бағамы
USD 384.05
EUR 432.79
RUB 5.96
CNY 55.46

ШҚО-ның электр бағандары құлаған ауылға жарық берілді

2019 жылдың 25 мамыр 2019 00:27 785

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат -Шығыс Қазақстан облысының Көкпекті ауданында жарықсыз қалған ауылдың мәселесі түбегейлі шешілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аудан әкімінің орынбасары Марат Теміржановтың айтуынша, 21 мамыр күні Үлгілімалшы ауылында дауыл тұрып,  4 электр бағанасы құлаған. Салдарынан 9 көше жарықсыз қалған.  

«Басқа 3 көшеде жарық үзілген жоқ. Сол күні-ақ Көкпекті аумақтық электр желісінің жедел әрекет ету  жасағы  жарықсыз қалған 95 абоненттің 60-ына жарық қосып берді. 

Аудандық метеостансаның мәліметі бойынша, желдің жылдамдығы секундына 18 метрге жеткен. Ертеңіне Үлгілімалшы ауылында күндізгі 12:00-ден кешкі 18:00-ге дейін жарық болған жоқ. Себебі құлаған бағаналарды тұрғызу қажет болатын. Дауыл салдары 2 тәулік ішінде толық жойылды. Қазір ауылдағы барлық үйде жарық бар» - дейді әкімдік өкілі.

 

 

Жоғары қарай