Ауа райы
Астана -3 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 389.75
EUR 434.26
RUB 6.12
CNY 55.05

ШҚО тұрғындарының 95% 2025 жылға дейін таза ауыз сумен қамтылады

2019 жылдың 4 қыркүйек 2019 18:45

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы тұрғындарының 95% 2025 жылға дейін таза ауыз сумен қамтылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мықты өңірлердің перспективалы бағыттарының бірі – инфрақұрылымды дамыту», - деп атап өтті облыс әкімі Даниал Ахметов ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын талқылау бойынша ШҚО активінің отырысында.








Президент тапсырмасына сәйкес, тұрғындардың таза ауыз суына қолжетімділігін арттыру жоспарын жүзеге асыру жалғасып жатыр.

Қазіргі уақытта 65 жоба жүзеге асырылуда, соның ішінде 23-і жыл соңына дейін аяқталады. Осылайша, өңірдегі 6 ауылда жаңа су құбырлары салынады. Бұдан бөлек, өңірдің жол инфрақұрылымын дамыту аясында жақсы және қанағаттандырарлық сападағы автомобиль жолдарының үлесін 2025 жылға дейін 95%-ға жеткізу жоспарланып отыр. 2,6 мың шақырым жолды жөндеуге 66 млрд теңге инвестицияланады, соның ішінде туризм нысандары жолдарына – 26 млрд теңге бөлінбек.









Сондай-ақ, биылдан бастап Өскемен қаласы мен Үржар ауылындағы әуежайдарды қайта құрылымдау басталады.





Жоғары қарай