Ауа райы
Астана 22 °С
Алматы 23 °С
валюта бағамы
USD 386.04
EUR 427.77
RUB 5.88
CNY 54.45

ШҚО тұрғыны дәнекерлеуші лампаны пайдаланбақ болып, күйіп қалды

2019 жылдың 9 шілде 2019 17:49 1154

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат ­- Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданында дәнекерлеуші лампаның дұрыс жұмыс істемеуі салдарынан 39 жастағы ер адам денесінің 90%-ын күйік шалды. Бұл туралы ҚазАқпарат ШҚО ТЖД-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Зардап шегуші ауыр халде жатыр. Ақауы бар дәнекерлеуші лампадан бензин атқылап, өрт шыққан. Ер адам аталған құралмен қойдың басын үйітпекші болған, алайда сыртқы киімі жанып кеткен. Өрт сөндіру қызметі шақырылмаған. Өрт 0,5 шаршы метр аумақты қамтыған, бірақ зардап шегушіні  күйік шалып, ауруханаға ауыр халде жеткізілген.

Бесқарағай ауданында 81 шаршы метрлік жеке үйде өрт шығып, 1955 жылғы азаматшаны 1,2 деңгейлі күйік шалған. Оның денесі, беті күйіп қалған. Әйел өртті өзі сөндірмекші болған, бірақ еш нәтиже шықпаған. Дәрігерлер әйелді тексеріп, үйіне жіберді. Тілсіз жауды өрт сөндірушілер сөндірді.

 

 

 

Жоғары қарай