Ауа райы
Астана -8 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 389.86
EUR 435.32
RUB 6.12
CNY 55.12

ШҚО жас кәсіпкерлері форумында «Zhas project» жобасы қорытындыланды

2019 жылдың 30 қаңтар 2019 22:39

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Семейде Шығыс Қазақстан облысы жас кәсіпкерлерінің «Zhas project» жобасы арнайы форумда қорытындыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Zhas project» жас кәсіпкерлер жобасына облыс бойынша 14-29 жас аралығындағы 491 жас ұсыныс білдірген. Соның ішінен іріктеуден өткен 149 жоба жүзеге асырылған. Өз ісін бастауға қолдау білдірген жоба аясында жас кәсіпкерлер арнайы мамандардан жеке кәсіпкерліктің қыр-сырын үйреніп, істерің жүзеге асыру үшін 1 млн теңге қайтарымсыз грантқа ие болған. Олар бұл қаражатқа өздеріне қажетті құрал-жабдықтар мен басқа да қажетті заттарын сатып алған.

Форумға өз жобаларының нәтижесімен бөлісуге Семей, Курчатов қалалары мен Абай, Аягөз, Бесқарағай, Бородулиха, Жарма, Үржар және Тарбағатай ауданының жас кәсіпкерлері келді. Арнайы көрме ұйымдастырылып, жастар өз өнімдерін таныстыруға мүмкіндік алды. Кейбір қатысушылар қонақтарға табиғи сүт өнімдерін ұсынса, енді біреулері өздерінің кәдесыйлық бұйымдарымен көпшілік назарын аударды.








«Шара мақсаты - жастарды қоғамдық өмірге тарта отырып, бизнес жобаларын жүзеге асыру. Жоба аяқталған соң қатысушылардың сатып алған құрал-жабдықтары өздерінде қалады. Ары қарай өз істерін дөңгелетуге мүмкіндіктері бар. Осы мақсатта «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының өкілдері жастарға жобаларын ары қарай жалғастыру тетіктері жөнінде кеңестер беруде»,-деді «Zhas project» жобасының ШҚО бойынша үйлестірушісі Серік Жүнісов.

Жоғары қарай