Ауа райы
Астана 7 °С
Алматы 14 °С
валюта бағамы
USD 447.67
EUR 491.36
RUB 5.74
CNY 63.07

Шорт-трек: Абзал Әжіғалиев әлем кубогы кезеңінің жүлдегері атанды

2020 жылдың 16 ақпан 2020 23:22

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық Абзал Әжіғалиев Дордрехт қаласында шорт-тректен әлем кубогы кезеңінде қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұлттық олимпиада комитеті мәлім еткеніндей, Абзал 500 метр қашықтықта үздік үштікке ілікті.

Бұл қашықтықта оңтүстіккореялық Се Джун Лу алтын медальді жеңіп алды. Бельгиялық Стийн Десмет күміс жүлдеге ие болды.




А.Әжіғалиев екінші жартылай финалда мәреге бірінші болып жетіп, соңғы бәсекеге жолдама алды.

Шорт-тректен Қазақстан құрамасының бас бапкері Мәдіғали Қарсыбеков қазіргі кезде команданың алдағы наурыз айының ортасында Сеул қаласында өтетін әлем чемпионатына дайындалып жатқандығын жеткізді.

«Биылғы маусымда жастардан Нұртілек Қажығали, Әділ Ғалиахметов, Еркебұлан Шамуханов, Мерсаид Жақсыбаевтарды қосып, шама-шарқын байқап жатырмыз. Бұрынғы құрамнан Абзал Әжіғалиев пен Денис Никиша қалды. Барлығы 8-9 шорттрекшімізді шыңдау үстіндеміз. Алдағы жылы қыркүйектен бастап төрт бірдей әлем кубогы кезеңі өтіп, олимпиадаға лизенциялар сарапқа салынады. Мақсат - 2022 жылғы Бейжің олимпиадасына қатысу үшін жолдамаларды барынша көбірек жеңіп алу», - деді ҚазАқпарат тілшісіне М.Қарсыбеков.

Айта кетсек, Батыс Қазақстан облысында туып-өскен Абзал Әжіғалиев кейінгі жылдары Нұр-Сұлтан қаласының атынан ел намысын қорғап келеді.


Автор Елжан Ералы
Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай