Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 389.75
EUR 434.26
RUB 6.12
CNY 55.05

Шорт-трек: Абзал Әжіғалиев Ресей Федерациясының кубогінде чемпион атанды

2019 жылдың 14 қыркүйек 2019 23:36

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ресейдің Коломна қаласында өтіп жатқан шорт-тректен Ресей Федерациясының ашық кубогінде қазақстандық спортшы Абзал Әжіғалиев чемпион атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне шорт-тректен құраманың бас бапкері Мәдіғали Қарсыбеков мәлім етті.

«Бүгін Ресейдің Коломна қаласында өтіп жатқан шорт-тректен Ресей Федерациясының ашық кубогінің алғашқы күні қоржынымыз қос медальмен толықты. Оның бірі алтын медаль болса, екіншісі күміс жүлде. 500 метр қашықтықта Абзал Әжіғалиев чемпион болды. Ал күмісті Денис Никиша жеңіп алды», - деп атап өтті Қарсыбеков.

Сондай-ақ, аталған жарысқа Қазақстан құрамасынан кімдердің қатысып жатқанын да атап өтті.

«Жарысқа ерлерден Абзал Әжіғалиев, Нұрберген Жұмағазиев, Денис Никиша, Еркебұлан Шамұхаев, Әділ Ғалиахметов бастаған спортшыларды алып келсек, қыздар арасынан Әлия Ким мен Анастасия Крестовадан басқа құрама мүшелері толық қатысады. Жалпы жарысқа 22 спортшыны алып келдік. Бұл жарыс біз үшін осы маусымдағы алғашқы бәсеке. Осы жарыстан кейін қытайдың шанхай қаласында өтетін »Shanghai trphy« турнирінде ерлер арасындағы эстафетада бақ сынаймыз. 1-10 қараша аралығында әлем кубогі кезеңдерінде сынға түсетін боламыз. Бұл жарыс алдағы үлкен жарыстарға дайындық»,— деді бапкер.

Айта кетейік, Ресейдегі кубоктік додаға Қазақстан, Латвия, Нидерланд, АҚШ және Ресей спортшылары қатысып жатыр.

Автор Күнсұлтан Отарбай
Басты сөздер: Ресей, Спорт,
Жоғары қарай