Ауа райы
Астана 0 °С
Алматы 7 °С
валюта бағамы
USD 388.70
EUR 428.70
RUB 6.08
CNY 55.46

Шортанды ауданының әкімі ауысты

2019 жылдың 8 қазан 2019 11:35

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ерлан Қыздарбекұлы Мұхамендин Шортанды ауданы әкімінің міндетін атқарушы болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақмола облысы әкімінің орынбасары Марат Иғалиевке сілтеме жасап.

«Мұхамендин Ерлан Қыздарбекұлы Ақмола облысы Шортанды ауданы әкімінің міндетін атқарушы болып тағайындалды», -деп жазды Марат Иғалиев instagram парақшасында.

Ерлан Қыздарбекұлы 1980 жылы туған. 2000 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «экономика», 2006 жылы «Фемида» заң академиясын «заңгер» мамандықтары бойынша тәмәмдаған. 2017 жылы Елордадағы «Қаржы академиясында» экономика және бизнес магистрі академиялық дәрежесін алды.

Еңбек жолын 2002 жылы Шортанды ауданы бойынша салық органында әр түрлі лауазымда қызмет істеуден бастады. 2006 жылы Шортанды аудандық кәсіпкерлік бөлімінде бас маманы, 2007 жылы басшысы болды.

2009 жылдың қаңтары мен 2012 жылдың тамызы аралығында Шортанды ауданы әкімінің аппарат басшысы қызметін атқарды.

2012 жылдың тамызынан Шортанды ауданы әкімінің орынбасары лауазымында болды.

Жоғары қарай