Ауа райы
Нұр-Сұлтан 10 °С
Алматы 17 °С
валюта бағамы
USD 384.05
EUR 432.79
RUB 5.96
CNY 55.46

Шу алқабында қарасора өсіретіндерді ұстау үшін әуе техникасы қолданылмақ

2019 жылдың 25 мамыр 2019 18:49 615

ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбыл облыстық полиция департаменті «Көкнәр-2019» операциясына дайындалып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Есірткіге қарсы күрес - Жамбыл өңірі үшін аса өзекті, себебі облысымызда 140 мың гектар аумақты алып жатқан атақты Шу алқабы бар. Жыл сайынғы «Көкнәр-2019» операциясы құрамында есірткі бар жабайы өсімдіктер қаптап шығып, пісіп-жетілген мезгілде, яғни маусымнан қазан айына дейін өткізіледі. Мақсаты - Шуда өсетін қарасораны өсіру процесін анықтап, жолын кесу. Сондай-ақ, операция кезінде Шу алқабындағы есірткіні сақтау орындары мен әкету каналдары белгілі болады. Марихуананы ел ішінде және шетелге тасымалдайтын ұйымдасқан қылмыстық топтар анықталады», - деп түсіндірді департаменттің баспасөз қызметі.

«Көкнәр-2019» операциясы 1 маусымда басталады. Іс-шара алдында Жамбыл облысының Шу қаласына Ішкі істер министрінің орынбасары, генерал-майор Махамбет Әбисатов келді. Ол жергілікті полиция басшыларымен бірге Жамбыл облысы полиция департаментіне қарасты «Дельта-Алқап» есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл өңіралалық бөлімінде болды. Министрдің орынбасары жеке құраммен танысып, «Дельта-Алқаптың» іс-шараны өткізуге қажетті арнайы құралдарының және жоғары өтімді арнайы техникасының бар-жоғын тексерді.   



null

«Есірткі қылмысына қарсы іс-қимылдың тиімділігін арттыру және есірткінің облыстан тысқары шығарылуына жол бермеу мақсатында операция кезінде заманауи техникалық құралдармен жабдықталған мобильді оперативті-іздеу топтары қолданылады, - деп атап өтті Махамбет Әбисатов. - Адам аяғы жете бермейтін шалғай елді мекендерде арнайы іс-шараны өткізу үшін әуе техникасы пайдаланылады. Құмды аймақтарды патрульдеу үшін өтімділігі жоғары автокөліктер, арнайы мақсаттағы бөлімшелер мен қызметтік иттер жұмыс істейді».


null

Сосын ішкі істер министрінің орынбасары республикалық нұсқаулық отырысқа қатысып, Қазақстанның бүкіл өңірлеріндегі есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл туралы басқармалар есебін тыңдады. Кездесу барысында мәселелер көтеріліп, жоспарлар талқыланды және алдағы уақытқа міндеттер белгіленді. 


null 

Автор: Галина Скрипник

 

Жоғары қарай