Ауа райы
Астана 6 °С
Алматы 10 °С
валюта бағамы
USD 388.96
EUR 432.21
RUB 6.09
CNY 54.99

«Шығыс – 2019» оқу-жаттығуына 4 мыңнан астам әскери қызметші қатысты

2019 жылдың 20 қыркүйек 2019 19:19

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда «Шығыс – 2019» ауқымды әскери оқу-жаттығу аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Қорғаныс миинстрлігіне сілтеме жасап.

Оған 4 мыңнан астам әскери қызметші, 1,5 мың қару-жарақ пен әскери техника, 20-дан астам ұшақ пен майдандық және әскерлік авиацияның тікұшағы қатысты.

«Оқу-жаттығудың шешуші кезеңінде Қазақстан мен Ресей Қарулы күштерінің әскери қызметшілері бірлескен күш-жігерлерінің арқасында шартты қарсыластың күштерін жойды. Оқу-жауынгерлік тапсырмаларды орындау белгіленген бекіністерге армиялық авиацияның соққыларынан басталып, танкілер мен жаяу әскердің жауынгерлік машиналарының бастырмалата оқ атуымен жалғасты. Дүркін оқ атудың реактивті жүйелері шартты қарсыласқа оған тиімсіз бағытта маневр жасауды күштеді. Елеулі шығындардан кейін қалған қарсылас күштері пен құралдарі барлық құралдардың жаппай бастырмалата оқ атуымен, сондай-ақ бөлімшелердің маневрлік іс-қимылдары арқылы жойылды», делінген хабарламада.




Қарсыластың бекіндісті пунктер мен қорғаныс бөлімшелерін айналып өтудегі талпыныстары сәтсіздікке ұшырады, олардың жолын әскери авиация, атыс шабуылдары мен батальонды тактикалық топтардың әрекеттері кесті.

Оқу-жаттығуға тікелей басшылық еткен ҚР ҚК Құрлық әскерлерінің Бас қолбасшысы генерал-майор Марат Құсайынов бөлімшелердің іс-қимылдарына бағасын берді.

«Жеке құрам жоғары далалық машық пен кәсіпқойлықты көрсетті. Оқу-жаттығудың міндеті мен мақсаты толығымен орындалып, командирлер мен штабтар бірлескен жауынгерлік әрекеттерді жүргізу мен жоспарлауда жақсы практикалық тәжірибе жинады деп ойлаймын» - деді ол.

Оқу-жаттығулар «Шығыс – 2019» қазақстандық полигонда өткізіліп және үш кезеңнен тұратындығын еске сала кетейік. Олар: әскерлерді жауынгерлік даярлықтың жоғарғы деңгейіне келтіру, бірлескен арнайы әскери операцияларды дайындау және өткізу.

Басты мақсат – басқару органдары мен бірлескен арнайы жауынгерлік әрекеттерде әскерлердің үйлесімділігін, далалық машықтарын жетілдіруді, сондай-ақ Қазақстан мен Ресей Қарулы күштері арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтуды жалғастыруды көздейді.

Оқу-жаттығу барысында алғаш рет отандық «Барыс» автоматтандырылған жүйесі тексерістен өткізілді. Бұл құрал әскерлерді басқару жүйесін қысқартып, жедел-тактикалық және тактикалық есептоптарын автоматтандыруға және әскерлерге әскери басқарудың дабылдарын жеткізуге мүмкіндік береді.





Жоғары қарай