Ауа райы
Астана -5 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 384.97
EUR 427.12
RUB 6.04
CNY 54.75

Шығыс Қазақстан Арыс тұрғындарын қабылдауға дайын

2019 жылдың 25 маусым 2019 22:02

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - «Шығыс Қазақстан облысы Арыс қаласында қайғылы оқиғадан зардап шеккен отбасыларды қоныс аудару бағдарламасы бойынша қабылдауға дайын, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгін аймақ басшысы облыстың ірі кәсіпорын басшыларын Арыс қаласында зардап шеккендерге көмек көрсетуге шақырды. Қазіргі уақытта тау-кен металлургия кешені мен өңдеу өнеркәсібінің кәсіпорындары - «Казцинк» ЖШС, «ҮМЗ» АҚ, «ТМК» АҚ, Бақыршық тау-кен өндіру кәсіпорны 107 млн. теңге қаржы аударды. Этномәдени бірлестіктер Арыс қаласының тұрғындарына көмек көрсету қорына 738 мың теңге аударды» - деді әкім орынбасары Әсем Нүсіпова.

- 2017 жылдан бастап Шығыс Қазақстанда Нәтижелі жұмыспен қамту мен жаппай кәсіпкерлікті дамыту "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырылып келеді. Бұл бағдарламаның басты мақсаты еліміздің еңбек күші мол өңірлерінен, Шығыс Қазақстанға тұрғындарды көшіру болып табылады. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының мәліметі бойынша биыл біздің облыста қоныс аудару бағдарламасы бойынша 1 566 адамға квота бөлінді. Осы мақсаттарға бізге республикалық бюджеттен 736 миллион теңге бөлініп отыр. Қаңтар айынан бастап Шығыс Қазақстанға 560 астам адам келді. Егер Арыс қаласынан ШҚО-ға қоныс аударуға ниет білдірген азаматтардың саны арта түссе, республикадан квота санын көбейту туралы өтініш жасаймыз. Сонымен қатар қоныс аударушыларға үйлеріне жөндеу жұмыстарын жүргізуге, отын-көмірмен және үй малымен қамтамасыз етуге қосымша көмек көрсету қарастырылған, - деді аймақ басшысының орынбасары.

Шығысқазақстандықтар Арыс қаласындағы бауырларының жағдайына бей-жай қарамай, қаржылай және азық-түлік, киім-кешек түрінде көмек көрсетуде. «Түркістан облысындағы қайғылы оқиғаларға байланысты біз Арыс қаласынан 1000 адамды қабылдауға дайынбыз. Осы мақсатта облыс өкілдері Арыс қаласына шығуы жоспарлануда, онда жергілікті тұрғындарға 1 528 бос орын ұсынылады. Облыста осы бағытта көрсетілген көмектердің көптеген мысалдары бар. Мысалы, Шемонаиха ауданына үш баласы бар отбасы көшіп келді. Қазір анасы шаруа қожалығында аспазшы болып жұмыс істейді, ал әкесі - әр түрлі жұмысшы. Олар барлық субсидия алды. Балалар тегін мектеп формасымен, тамақпен қамтамасыз етілген. Сонымен қатар, шаруа қожалықтары өз қалауы бойынша 15 жыл тұрып, шаруа қожалығында жұмыс істегеннен кейін отбасына толық тиесілі болатын үй бере алады. Мұндай әлеуметтік пакеттер Аягөз, Зайсан, Күршім аудандары мен Алтай ауданында бар. Өткен жылы бізге 1 050 адам көшіп келді. Олардың көпшілігі өз бизнесін ашып, жұмысқа орналасты, өңіріміздің өміріне белсенді қатысуда» - деді Әсем Нүсіпова.

Жоғары қарай