Ауа райы
Астана -3 °С
Алматы 7 °С
валюта бағамы
USD 389.34
EUR 428.78
RUB 6.05
CNY 55.45

Шығыс Қазақстанда 156 жас президенттік кадр резервіне құжат тапсырды

2019 жылдың 29 қыркүйек 2019 18:53

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Облыста 70 мыңнан астам мемлекеттік қызметкер жұмыс істейді. Оның 54 пайызы – жастар, деп хабарлайды ҚазАқпарат ШҚО ақпарат орталығына сілтеме жасап.

Бұл туралы аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ШҚО бойынша департаментінің басшысы Жанна Қабдолдақызы мәлім етті.

Брифингте Президенттік жастар кадр резервіне қалай қатысуға болатыны туралы кеңінен түсіндірілді.

«Облыста 23-29 жас аралығындағы 86 адам жұмыс істейді. Ал 30-39 жас аралығындағы 518 қызметкер басшылық қызметтерді атқарады. Оның ішінде облыс әкімінің бір орынбасары, үш қала мен аудан әкімі, облыстық басқармасының 10 басшысы мен 45 ауылдық округтің әкімі бар», - деді Жанна Қабдолдақызы.

Президенттік жастар кадр резервіне қатысу үшін үміткерлерге бар болғаны PKRezerv.kz сайтына тіркелу қажет. Оған кемінде 5 жыл жұмыс өтілі бар, 35 жасқа толмаған Қазақстан Республикасының жоғары білімді азаматы үміткер бола алады. Тіркеу онлайн платформада жүргізілмек. Брифингке қатысқан ҚР Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясының ШҚО филиалының директоры Сергей Ковалев осылай деді.

«Бірнеше кезеңнен тұратын іріктеуде үміткерлер алдымен тестен өтіп, эссе жазады. Бұл қатысушылардың ой-өрісін, жазу қабілетін, ақпаратты сараптай алуы мен жеке қасиеттерін бағалауға мүмкіндік береді. Алғашқы кезеңнен сүрінбей өткендер бейнежазбалар арқылы өз жобаларын қорғайды. Жобалардың әлеуметтік маңызы болуы шарт. Әр кезеңнің бағасы есепке алынып, үміткерге орташа ұпай қойылады. Озып шыққандармен эксперттік комиссия жеке кездесу өткізеді. Ең көп балл жинаған қатысушылардың кандидатурасы Президенттің жастар кадрлық резервінің Ұлттық комиссиясының отырысында белгілі болады», - деді Сергей Ковалев.

Жоғары қарай