Ауа райы
Астана -1 °С
Алматы 5 °С
валюта бағамы
USD 445.84
EUR 490.47
RUB 5.73
CNY 62.87

Шығыс Қазақстанда орман шаруашылығы саласында 545 маман жетіспейді

2020 жылдың 18 ақпан 2020 19:55

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында орман шаруашылығы саласының мамандары жетіспеуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл жайлы бүгін ШҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Мұрат Құсайынов мәлімдеді.

«Қазір өңір бойынша орман шаруашылығының 545 маманы керек. Тапшылық әсіресе Тарбағатай, Күршім, Үржар және Зайсан аудандарында байқалуда. Біз бұл бос орындарды шекарадағы аймақтарды дамыту бағдарламасы аясында толтыруды көздеп отырмыз», - дейді ол.


Жоғары қарай