Ауа райы
Астана -3 °С
Алматы 4 °С
валюта бағамы
USD 389.34
EUR 428.78
RUB 6.05
CNY 55.45

Шығысқазақстандықтар экологиялық акцияға қатысты

2019 жылдың 13 қазан 2019 10:14

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында республикалық акция аясында 6 мың көшет отырғызылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Шараға мемлекеттік қызметшілер, өнер және қоғам қайраткерлері, қала тұрғындары, соның ішінде спортшылар мен жастар, БАҚ өкілдері және блогерлер қатысты.

Республикалық акция ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылды. Басты мақсат – елімізде көгалдандыру жұмыстарын жүргізу.

ШҚО Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалану басқармасының басшысы Мұрат Құсайыновтың айтуынша, бүгін аймақта 6 мың түп көшет отырғызылды.




«Біз орман шаруашылығынан 13 түрлі ағашты әкелдік. Өскемендегі Есенберлин даңғылында 1100 түп, оның ішінде қайың мен қылқан жапырақты ағаштар бар. Жалпы, көшеттерді егу жұмыстары көктемде басталды. Сол кезде 132,8 мың түп отырғызылды. Таяуда облыстағы барлық мектепте экологиялық сағаттар өткізілді. Оған қатысушылар 4 мың ағаш көшетін екті. Ағымдағы жыл соңына дейін 150 мың түп ағаш көшеттерін отырғызуды жоспарлап отырмыз», - деді ол.




Айта кетейік, экологиялық сенбіліктер облыс көлемінде ұйымдастырылды. Көшелерде санитарлық тазалық жұмыстары жүргізілді.

«Осы ағаштар өскен кезде қаламыз бұрынғыдан да көркейе түседі. Біз өзіміз тұрып жатқан жердің экологиясын сақтауымыз керек. Өйткені бұл бізден басқа ешкімге керек емес», - деді «Экосервис-С» ЖШС директоры Ерік Сандыбаев.




Жоғары қарай