Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 384.97
EUR 427.12
RUB 6.04
CNY 54.75

Шымкент ауруханасының бас дәрігері адам ағзасын заңсыз трансплантациялау күдігімен ұсталды

2019 жылдың 19 қараша 2019 23:07

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Шымкент қалалық ауруханасының бас дәрігері А.Донбай адам ағзасын заңсыз алу күдігіне ілікті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Осы жылдың 18 қарашасында ҚР ІІМ Тергеу департаменті Шымкент қалалық №1 клиникалық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы қалалық коммуналдық кәсіпорнының бас дәрігері Донбай Абылай Әбдіжаппарұлын ұстап, уақытша оқшаулағышқа қамалды. Оған ҚР ҚК 264-бабы 2-тармағында (трансұлттық қылмыстық топқа қатысу) және 116-бабы 3-тармағында (адам ағзасын заңсыз алу) көзделген қылмыстық құқық бұзушылыққа жол берді деген айып тағылуда», - деп атап өтеді министрлік өкілдері.

Ведомствоның мәліметінше, сотқа дейінгі тергеу барысында 2017-2018 жылдары Қазақстан аумағында ұйымдастырушысы шет мемлекеттің азаматы болып табылатын қылмыстық топ адам ағзаларын трансплантациялау бойынша әрекет еткен. Донор ретінде тұрмыстық ауыр жағдайға тап болуы салдарынан бүйректерін сатуға мәжбүр болған Өзбекстан, Қырғызстан, Украина азаматтары тартылған. Ал реципиенттер алыс шет елдердің, негізінен Израильдің қалталы азаматтары болған.

«Тергеу барысында азамат А.Донбайдың қылмыстық топ мүшелерінің әрекеттерін біле отырып, олармен алдын ала ымыраласу арқылы адам ағзасын сатып алу-сатуға заңнамада тыйым салынғанына қарамастан қомақты ақшалай сыйақыға бүйректі алу және қайта салу заңсыз операцияарын жүргізген. Бұған дейін трансплантолог дәрігер Құттымұратов пен қылмыстық топтың мүшесі Қырғызстан азаматшасы Б.Тайсалова ұсталып, қамауға алынды. Қазіргі уақытта қылмыстық істі аяқтап, сотқа жіберу шаралары қабылданып жатыр», - делінген таратылған ақпаратта.

Жоғары қарай