Ауа райы
Астана 20 °С
Алматы 17 °С
валюта бағамы
USD 414.13
EUR 451.40
RUB 5.80
CNY 58.03

Шымкент пен Балқашта ауа сапасы нашарлайды

2020 жылдың 21 мамыр 2020 06:00

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 21 мамыр күні Шымкент пен Балқашта жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ның мәліметтеріне сілтеме жасап.

«2020 жылдың 21 мамырында Шымкент пен Балқашта жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады»,-делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.


Басты сөздер: Қоғам, Ауа райы, Шымкент,
Жоғары қарай