Ауа райы
Астана 0 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 380.19
EUR 419.01
RUB 6.08
CNY 54.81

Шымкент «ТМД елдерінің мәдени астанасы» эстафетасын қабылдап алды

2019 жылдың 10 желтоқсан 2019 01:31

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Беларусь Республикасының Брест қаласында «Брест – ТМД елдерінің 2019 жылғы мəдени астанасы» іс-шарасының жабылу салтанаты өтті. Салтанатты шарада Брест қаласы 2020 жылғы ТМД-ның мәдени астанасы эстафетасын Шымкентке ресми түрде табыс етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Достық пен өзара ынтымақтастықты өрістеткен жиынға 2020 жылғы ТМД-ның мәдени астанасы мәртебесін иеленген Шымкент қаласынан арнайы өкілдер қатысты. Шымшаһардың мерейін асырған мәртебелі шараға үшінші мегаполистен делегацияны Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Қайрат Нұртай бастап барды. Мерекелік шара шеңберінде Шымкент қаласы ішкі саясат және дін істері басқармасының басшысы Жанар Бектаева, сондай-ақ фототілшілер қаламыздың туристік және тарихи-мәдени әлеуетін таныстырды.







Шара аясында ТМД Мемлекетаралық гуманитарлық ынтымақтастық қорының (МГЫҚ) отырысы өтіп, онда Брест қаласында Достастықтың мәдени астанасы ретінде атқарылған жұмыстары сараланып, оның қорытындысы талқыланды. БАҚ өкілдері үшін арнайы баспасөз жиындары ұйымдастырылып, қонақтар «Брест қорғаны» мемориалдық кешеніне барып, Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды.







Бұдан соң кешкісін Брест академиялық драма театрында «Брест – ТМД елдерінің 2019 жылғы мəдени астанасының» қорытынды жабылу салтанаты өтті. Мерекелік концертке ТМД елдерінің үздік өнерпаздары қатысты. Ал халықаралық «Достастық дебюттері» премиясының лауреаттары қонақ ретінде шақырылды. Салтанатты шара Брест қалалық атқарушы комитеті төрағасының делегаттарды арнайы қабылдауымен аяқталды.

Басты сөздер: ТМД, Мәдениет, Шымкент,
Жоғары қарай