Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы -5 °С
валюта бағамы
USD 386.44
EUR 428.37
RUB 6.06
CNY 54.93

Шымкент тұрғынының салыққа қарызы 7,5 млн теңгеге жеткен

2019 жылдың 8 қазан 2019 15:26

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекеттік кірістер комитеті салық бойынша қарызы көп азаматтардың тағы бір тізімін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТОП-100 тізімін Шымкент қаласының тұрғыны бастап отыр. Мұрат Матиев көлігіне салынатын салық (БСК 104402) бойынша мемлекетке 7,5 млн теңге берешек болып отыр.

Нұр-Сұлтан қаласындағы Олжас Юсупов мүлік салығы (БСК 104102) бойынша 2,5 млн теңге қарыз жинап үлгерген.

Жер салығы бойынша (БСК 104302) 4 млн теңге қарызы бар азаматша да - елорда тұрғыны. Жанна Аубакированың салық бойынша негізгі қарызы 1,5 млн теңгені құрап отыр. Қалған 2,35 млн теңге – есептелген өсімпұл.

Мүлік, жер, көлік салығы бойынша берешегі бар азаматтардың жалпы тізімімен мына сілтемеде таныса аласыздар.

Айта кетейік, мемлекеттік кіріс органдары салық бойынша берешегі бар азаматтар тізімін жариялау үрдісін алдағы уақытта да жалғастырады.

Қазіргі уақытта Қазақстанда салыққа рақымшылық жүруде. Биылғы 31 желтоқсанға дейін негізгі борыш сомасын төлеген азаматтардың өсімпұлы есептен шығарылады.

Салық төлеушілер қарызының бар-жоғын Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтына кіріп, тексере алады.

Жоғары қарай