Ауа райы
Астана 25 °С
Алматы 26 °С
валюта бағамы
USD 386.34
EUR 427.25
RUB 5.88
CNY 54.57

Шымкентте 3 жасар қыздың неден қайтыс болғаны анықталды

2019 жылдың 22 шілде 2019 16:40 863

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкент қаласы полиция департаментінің қызметкерлері 3 жасар қыздың өлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сараптаманың алдын ала қорытындысы бойынша, қыз механикалық асфикция салдарынан қайтыс болған.

Сараптама қыздың денесінен зорлық жасау белгілерін тапқан жоқ.

«Қазіргі уақытта барлық қажетті жедел-тергеу шаралары жүргізіліп, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Сәйкес сараптамалар тағайындалды. Істі прокуратура мен Шымкент қаласы полиция департаментінің басшылығы өз бақылауына алды», - делінген хабарламада.

Еске салайық, Шымкентте үш жасар қыздың мәйіті табылған шағын аудандардың бірі қоршауға алынған еді.

Айта кетейік, осыған дейін Шымкенттің жиі қылмыс болатын ауданынан үш жасар қыздың денесі табылғандығын жазған болатынбыз.

 

Басты сөздер: Оқиға, Шымкент,
Жоғары қарай