Ауа райы
Астана 7 °С
Алматы 6 °С
валюта бағамы
USD 389.59
EUR 429.06
RUB 6.05
CNY 55.07

Шымкентте 3 жасар сәби кір жуатын машинаға қысылып қалды

2019 жылдың 17 қыркүйек 2019 09:36

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкентте 3 жасар бүлдіршіннің екі аяғы кір жуатын машинаға қысылып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға кеше Асар-2 мөлтек ауданында болған. 2016 жылы туған бала ойнап жүріп, кір жуатын машинадан екі аяғын сыртқа шығара алмай қалған.

«Құтқарушылар темірді кесу қайшыларды қолдана отырып, кір жуғыш машинаның барабанынан баланың екі аяғын алып шықты. Қазір баланың жағдайы қанағаттанарлық» -делінген хабарламада.


Автор Айнұр Ақбаева
Басты сөздер: Шымкент, Оқиға,
Жоғары қарай