Ауа райы
Астана 25 °С
Алматы 29 °С
валюта бағамы
USD 384.87
EUR 432.52
RUB 6.11
CNY 55.95

Шымкентте 3D форматындағы жаяу жүргінші жолы салынды

2019 жылдың 18 маусым 2019 09:54 679

КЕЛЕС. ҚазАқпарат - Елімізде алғашқы 3D форматындағы жаяу жүргінші жолы Шымкентте пайда болды. Бұл ерекше жүргіншілер жолағы «Shymkent» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының бастамасымен салынған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.  

Жаяу жүргінші жолы қаланың орталығындағы Айбергенов көшесінде пайда болды. Бұған дейін  аталған көшеде жай ғана белгі бар еді. Корпорацияның басқарма төрағасы Рашид Аюповтың айтуынша, үш өлшемді таңба идеясын ол шетелден алған.

«Шымкент - жол қозғалысы  өте қарқынды дамыған қала. Бұл учаске жүргізушілер назарын өзіне аудартатын ерекше қосымша белгі болады деп үміттенемін. Мұндай тәжірибелер батыста қайғылы оқиғалар  санын бірнеше рет қысқартуға мүмкіндік берді», - дейді Рашид Аюпов.



null 

null 

null 

null 

 

Автор Айнұр Ақбаева
Басты сөздер: Қоғам, Шымкент, Құрылыс,
Жоғары қарай