Ауа райы
Астана -21 °С
Алматы -6 °С
валюта бағамы
USD 383.95
EUR 429.26
RUB 6.16
CNY 55.02

Шымкентте 800 имам қатысқан форум өтті

2019 жылдың 19 қараша 2019 17:23

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Шымкент қаласында өткен аймақтық имамдар форумында Бас мүфти Серікбай қажы Ораз рухани құндылықтар туралы баяндама жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасына сілтеме жасап.

«Рухани құндылықтың қайнар көзі болған Ислам діні әр нәрсені өз өлшемімен жасауға үндейді. Имандылық жолы – тіршілікті тәрк ету деген сөз емес. Тіршіліктің құлшылықсыз құны болмайтыны секілді, құлшылықтың да тіршіліксіз мәні жоқ. Ислам барлық істің өзіндік ортасын ұстануды үйретеді. Бұл жол туралыққа үндейді. Туралық сәттілікке, ал сәттілік бақытқа жол бастайды. Ізгі ғұламалар ұрпағына екі нәрсені өсиет еткен. Осы екеуін ұстанған адам бақытқа кенеледі. Біріншісі – тіршілік үшін дүние-дәулетті берік ұстау, екіншісі – құлшылық үшін дінді берік ұстау. Осы ретте имандылық жолындағы жастарға айтарым – халыққа қызмет ету ісінде дүние мен діннің игіліктерін құстың қос қанатындай ұстаңыздар. Алла Тағала қасиетті Құранда мұсылман баласына қалай дұға жасауды үйреткендей, біз бұл дүние мен о дүниенің игіліктері мен нығметтерін сұрауымыз тиіс. Сонда ғана қос дүниенің бақытына бөленеміз», - деді Серікбай Сатыбалдыұлы.

Айта кетейік, ҚМДБ-ның Түркістан облысы мен Шымкент қаласы өкілдігінің ұйымдастыруымен өткен аймақтық имамдар форумына Бас мүфти Серікбай қажы Ораз, Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов, мемлекет және қоғам қайраткерлері - Шалатай Мырзахметов, Сайлаукүл Барақова, белгілі ғалым, профессор Досай Кенжетай, т.б. зиялы қауым өкілдері, медресе-колледж шәкірттері және өңірдегі 800 имам қатысты.

Жоғары қарай