Ауа райы
Нұр-Сұлтан 22 °С
Алматы 29 °С
валюта бағамы
USD 384.05
EUR 432.79
RUB 5.96
CNY 55.46

Шымкентте алғаш рет буынға тіліксіз ота жасалды

2019 жылдың 27 наурыз 2019 21:39 829

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте дәрігерлер алғаш рет буынға тіліксіз ота жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

№1 қалалық клиникалық  ауруханасында жасалған ота ны дәрігерлер   жол апаты кезінде зардап шеккен 19 жасар қызға  жасаған.

Жабық ота кезінде мамандар бойжеткеннің аяғындағы жарылған сіңірін   хирургиялық жолмен байлап берді.  Жабық операция  Алматы қаласындағы Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университетінің м.ғ.к профессор Арман  Абдуразаковтың жетекшілігімен өтті. Білікті маман операция жасау арқылы жергілікті ақ халаттылармен тәжірбие алмасты.

 Шеберлік сабағы кезінде білікті маманның жетекшілігімен  аурухана базасында 2 пациенттің тізе буынына  тіліксіз ота жасалды. Бұл оталарды жасау үшін травматологтар   «артроскоп» аппаратын  қолданып, аяқтағы жарақатты хирургиялық жолмен емдеп берді.

«Бұған дейін мұндай оталарды жасау үшін езіліп кеткен жілікшелерді тізені тіліп, буындарды ашып барып алатын. Енді дененің екі-ақ жері тесіледі. Бұл әдіс науқастардың ертерек аяғынан тік  тұрып кетуіне пайдасы көп және денеге тыртық түспейді»,-дейді мамандар.



null 

 

Автор: Айнұр Ақбаева
Басты сөздер: Шымкент, Медицина,
Жоғары қарай