Ауа райы
Астана 26 °С
Алматы 32 °С
валюта бағамы
USD 384.87
EUR 432.52
RUB 6.11
CNY 55.95

Шымкентте ашық аспан астындағы музей ашылады

2019 жылдың 23 мамыр 2019 23:37 1434

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Қаладағы аспан асты музейдің ашылуы және одан басқа үшінші мегаполис қаланың туристік потенциалы туралы қалалық туризм басқармасының басшысы Тұрар Ахметов ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында айтып берді.

«Шымкент қаласының туризмін дамытудың үш негізгі бағыты бар. Алдымен қаланың инфрақұрылымын ілгерілету, яғни бар нысандарды одан әрі дамытып және жаңа нысандар тұрғызу. Екіншіден, турөнімдер мен олардың серивисін жетілдіру. Және үшінші кезекте туризмді дәріптеу яғни маркетингтік қадам арқылы ішкі туризмге жарнама жасау. Инфрақұрылым бойынша басты жаңалықтардың бірі жаңа әуежай салынуда, ол келер жылдың алғашқы жарты жылдығында пайдалануға беріледі. Сондай-ақ, ҚТЖ-ның бірлесіп темір жол вокзалы күрделі жөндеуден өтеді. Бұл жұмыстар өз кезегінде қаламызға туристер тартудың оң қадамы болып табылады», - дейді Т.Ахметов.



nullОның айтуынша, жаңадан салынатын туристік нысандардың негізгі бөлігі жеке инвесторлардың қаржысымен жүзеге асырылады.

«Одан бөлек, жаңа туристік нысандар салу қолға алынуда атап айтқанда көне қала орнында тарихи аспан асты музейі ашылатын болады. Бұл жоба қазір жүріп жатыр, келесі жылы пайдалануға беру жоспарлануда. Ол жерде музейден бөлек толық туристік кешен жасалады. Яғни, демалуға және түрлі мәдени іс-шаралар өткізілетін орындар болады. Қалалық туризмді дамытуда көне қала орнының маңызы зор, себебі ол өңірлік және республикалық маңызы бар туристік 50  нысанның ішінде кіріп отыр. Статистикалық мәліметтерге қарағанда, өткен жылы қалаға өткен жылы 178 014 турист келген. Енді жоспар 2025 жылға дейін туристердің санын 1 млн-ға жеткізу», - деді ол.

Сонымен қатар, басқарма басшысы Шымкентте туристерге арналған ақпараттың порталдың әзірленіп жатқанын жеткізді.

«Ішкі туризмді оның ішінде қалалық туризмді дамыту жолындағы тағы бір қолға алынып жатқан жұмыстардың бірі ол ақпараттандыру. Бұл бағытта биыл жылдың соңында қаланың туристік порталын іске қосуды жоспарлап отырмыз. Оның ішінде туристік орындар, оларға жету мүмкіндіктері мен басқа да ақпараттар орналасады. Одан бөлек, мобильді қосымша әзірлеу жоспарда бар. Тестілеу режімінен сәтті өтсе, үстіміздегі жылдың соңына дейін қолданысқа енгізіледі», - деді ол.

Айта кетсек, «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясының мұрындық болуымен елімізде онкүндік ақпараттық тур өтіп жатыр. Мақсаты - ішкі туризмнің потенциалын арттыру және дәріптеу. Ақпараттық турға еліміздің батыс өңірлерінен атап айтқанда Атырау, Ақтөбе, БҚО және Маңғыстау облыстарындағы туристік агенттік өкілдері қатысуда. Олар шара барысында Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен Алматы, Түркістан, ШҚО және Ақмола облыстарының туристік нысандары мен сауықтыру кешендерінің жұмысымен таныса отырып өзара тәжірибе алмасады.

 

 

Автор Дәулет Ізтілеу
Басты сөздер: Туризм, Шымкент,
Жоғары қарай