Ауа райы
Астана -1 °С
Алматы 3 °С
валюта бағамы
USD 379.75
EUR 415.18
RUB 5.78
CNY 54.19

Шымкентте басқарма басшысының орынбасары ұсталды

2020 жылдың 24 қаңтар 2020 11:32

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағат басқармасы басшысының орынбасары пара алды деген күдікке ілінді. Бұл туралы ҚазАқпарат Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Шымкент қаласының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен «Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағат басқармасы» ММ басшысының орынбасарына қатысты сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдік бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілді.

Ол «Hyundai Wacortec Life» ЖШС өкілінен үй-жайды жалға беру бойынша заңсыз әрекеттері үшін айтарлықтай мөлшерде пара алды деп күдіктелуде», - делінген хабарламада.

Сотқа дейінгі тергеу аяқталды. Қылмыстық істі сотқа жолдау жоспарлануда.

Күдіктіге қатысты түпкілікті шешімді сот шығарады.


Жоғары қарай