Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы -3 °С
валюта бағамы
USD 388.07
EUR 427.54
RUB 6.08
CNY 55.36

Шымкентте бұрынғы автопарктің үш қабатты ғимараты өртенді

2019 жылдың 5 қазан 2019 23:17

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкентте бұрынғы автопарктің үш қабатты ғимарат өртенді. Жалынды ауыздықтауға өрт сөндіру қызметінің 11 техникасы мен 51 сөндірушісі жұмылдырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт туралы хабарлама кезекші бөлімге кешкі сағат 17:17-лер шамасында түскен. Өртенген «Орда» ЖШС-не тиесілі ғимарат болып шықты. Оқиға орнына жеткен төтенше жағдайлар қызметкерлері 3 қабатты ғимараттың шатыры өртеніп жатқанын анықтаған. Жалын артынша автопарктің қасынан салынған екі қабатты ғимараттың шатырына өткен.

«Өрт сөндірушілердің жедел жұмыстарының арқасында жалын 18:56- да ауыздықталып, 19:34-те толық сөндірілген. Жалын шарпыған аумақтың көлемі 1925 шаршы метрді құраған. Тілсіз жаудан зардап шеккендер жоқ. Қазіргі таңда өрттің шығу себептері мен келтірілген шығын көлемі анықталуда» делінген хабарламада.

Автор Айнұр Ақбаева
Басты сөздер: Оқиға, Шымкент,
Жоғары қарай